"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ақан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Акан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологының ұсыныстары

Мектеп ұжымына жасөспірім оқушыларға  психологиялық кеңес

 Мазмұны

§     Уақытты тиімді пайдаланудың әдістері

§     Өмірлік ережелер

§     Өзіндік бағаны жоғарылатудың тәсілдері

§     Сендірудің құпиялары

§     Өзіне сенімділікті нығайту

§     Бойымызға сенімділікті қайтарайық

§     Интуицияны күшейтудің тәсілдері

§     Мақсат қою ережелері

§     Табысқа жету сырлары

§     Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар

§     Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту

§     Эмоцияны басқарып үйренейік

§     Агрессивтілік әрекеттің алдын-алу

§     Стресті жеңу

§     Еңбекке тәуелділіктен арылу

§     Дау-дамай жағдайларды болдырмау

 

УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Уақыт. Біз уақытты дұрыс қолдана алмаймыз. Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз. Әрқайсымыз сөткесіне 24 сағат аламыз, бірақ бұл уақытта барлық өздерінің ойлаған нәрселеріне үлгеретін адамдар да болады. Уақыттың шығындалуын үнемдейтін бірнеше әдістерді қолданып көріңіз:

1.   Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият белгілеңіз.

2.   Барлық жұмыстарды сапасы бойынша іріктеңіз: ең бастысы – бірінші кезекте нені істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты, соңына дейін бос уақытта орындау қажет. Келесі схема бойынша уақытты қалай үнемдеу керектігін көресіз.

3.   Артық уәде беруден аулақ болыңыз. Өзіңідің істей алу мүмкіндігіңізге байланысты бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі орындауға қанша уақыт жұмсайсыз.

4.   Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз арасындағы айырмашылықтарды айыра біліңіз.

Белсенділік (айталық, көпше түрде телефон хабарламалары) барлық жоспарларыңызды ұтымды орындау болып табылады. Өнімділік – таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы. Тек белсенді болмай, мүмкіндігіңізге байланысты ұтымды істеуге тырысыңыз.

5.   Сіз шаршағандықтан өзіңіздің жұмыстарыңызға қатыссыз жиналысқа қатыстыңыз, жиналыста сізге өз қарсылығын білдірген болдып, жиналыстан кейін қиналғандықтан уақытыңыз да және белсенділігіңіз де төмендеді: жағдайға байланысты уақытты жоғалтқаныңызды талдаңыз. Сіздің ұтымды ісіңіздің және уақытыңыздың төмендеуі қиналғандықтан болды деп есептеңіз. Бұндай уақытты жоғалтудан кейін болашақта бұндай жоғалтудан қашуды ойлаңыз.

6.   Өзіңіздің бос уақытыңызға сәйкестендіріп, жұмысыңызды жоспарлаңыз. Сіз өзіңізді демалдыруға және клиенттерді өабылдауға уақытты ұтымды бөліңіз. Есікті жауып, телефонды өшіріп, өз мүмкіндігіңізге байланысты жұмыстарды орындаңыз.

7.   Басқа адамдар сияқты өзіңіздің жұмысыңызды бір күн ішінде өнімді орындаңыз. Қиын жағдайда жұмысыңызды, уақытты үнемдей отырып жоспарлаңыз.

8.   Өзіңіздің жұмыстарыңыздың аяқталмағанына сеніңіз. Кез келген жұмысты орындауға тырысу қажет. Сіз жұмыстың бір адамға мінсіз орындау керек еместігін түсініңіз. Егер сіз жұмыстың әрбір бөлшектеріне уақытты көп бөлсеңіз, екінші жұмысты орындауға аз уақыт жұмсайсыз. Жұмыс бағыттарыңызды есіңізде ұстаңыз.

9.   Шешімі табылмайтын істен қашыңыз. Егер сіз «бос уақытыңыз» болса, өзіңізден қазір не істеу керектігін сұраңыз.

ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР

Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан екен. Сіз де біле жүріңіз:

1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.

2. Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.

3. Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз: а) Өзіңді сыйла; ә) Өзгені сыйла; с) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.

4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.

5. Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.

6. Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.

7. Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.

8. Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.

9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.

10. Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.

11. Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.

12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.

13. Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.

14. Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.

15. Жер ананы аялаңыз, сүйіңіз.

16. Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа жерлерге барып тұрыңыз.

17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.

18. Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.

ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ 12 ТӘСІЛІ

1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.

2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз.

3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.

4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз.  Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға болады.

5. Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.

6. Өзіне сенімді, сізге қолдау көрсете білетін адамдармен араласуға тырысыңыз.  Егер сізді қоршаған адамдар сізді үнемі төмендетіп, басып отырса онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, егер керісінше болса, сіздің өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

7. Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңістеріңізді жазуға болады. Мәселен, жүргізуші куәлігін алсаңыз, спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. Тізімді жиі қарап, оқуға тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш, қанағаттану сезімін сезініңіз.

8. Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсізбе? Өзіңіздің жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз.  Алдыңғы тізім сияқты жиі қарап жүріңіз. Кейбір адамдао өз кемшіліктерін көп көріп, өз өмірлерін қызықсыз деп, өз  жүрсеңіз өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

9. Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша жайлы емес. Өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарылатуға, индивидум болуыңызға септігін тигізеді.

10. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. Егер де сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті сізге өз ісіңіз ұнамасада, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш сыйлауыңызға болады.

11. Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қалауыңызша сүруге тырыспасаңыз онда өзіңізді сыйламағандығыңыз. Сіз достарыңыз және туыстарыңызбен сөйлескенде сенімсіз сөйлесеңіз онда сіздің өзіндік бағаңыз төмен деген сөз. Сенімді сөйлеп, сенімді әрекет етіңіз.

12. Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарылатпасаңыз  өзіңізге сенімді болу қиындайды.

СЕНДІРУДІҢ 9 ҚҰПИЯСЫ

Сендіру – аса маңызды сапалардың бірі, оны игеру арқылы сіз кез- келген ситуациядан өз пайдаңызды тауып, жоспарланған мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз. Жұмыста, үйде және өміріңіздің басқа да сфераларында сіз басқа адамдарға ықпал ете аласыз.

Берілуі. Бұл техника саясатта танымал. Мысалы, мұрагерлікке салық салу жағдайында. Осы тәріздес салықтарға қарсы саяси қайраткерлер оларды өлімге салық салу деп атайды. «Мұра» сөзінің орнына « өлім» сөзін қолдану жағымсыз ассоциялардың тууына бағытталған. Эмоцияға қаныққан сөздерді қолдану арқылы адамдарды өз көзқарасының дұрыстығына сендіре аласыз.

Бейнелеу. Біреуді бейнелеу сол адамға еліктеуді білдіреді. Әр адамның өзіндік ерекше ым- ишаралары, қимыл- қозғалыстары бар. Біз оларды өзімізде байқамай, бейсаналық деңгейде орындаймыз. Егер сұхбаттасушыңызды бір нәрсеге сендіргіңіз келсе, оның қимыл әрекеттерін қайталаңыз. Есіңізде болсын, оны абайлап абайлап жасауыңыз керек, түпнұсқа қимыл мен көшірменің арасындағы айырмашылық 2-40 секунд болуы тиіс.

Шектеу. Бұл техниканы жарнама берушілер жиі қолданады. Бір нәрсеге қол жеткізу қиын болса, ол соғұрлым жоғары қызығушылық туғызады. Сендірудің осы тәсілін анықтауды үйренуіңіз керек. Өнімнің қат болуының сізге ықпалы қаншалықты екенін ойлаңыз. Егер өнім қат болса, оған сұраныс та жоғары болады. Сіздің жағдайыңыз солай ма?

Өзара байланыс. Сыйға- сый, сыраға- бал. Біреу сізге бір жақсылық жасаса, оған қөзіңізді қарыздар сезінесіз. Ол сияқты егер сізге біреудің қызметі қажет болса, ол адамға бір жақсылық жасаңыз. Жұмыста біреуге жетекшілікті беріңіз. Үйде – көршіңізге шөп шалғыны бере тұрыңыз.

Уақытты дұрыс таңдау. Адамдар қатты әлсіреп, шаршағанда бір нәрсеге келісе салуы оңайырақ. Егер сіз бір сұраққа қысқа уақыттың ішінде жауап алғыңыз келсе, оны қоятын ойтайлы сәтті күтіңіз. Мысалы, ойлануға еш күш болмайтын, жұмыстың аяқ кезінде қойыңыз. Сіз не сұрасаңыз да, «Мұны ертең талқылайық» деген жауап алуыңыз мүмкін.

Сәйкестік. Бұл техниканы коммивояжерлер қолданады. Бейсаналық тұрғыдан бәрімізде айтқанымызда тұратын алдыңғы әрекеттерімізге сәйкес келуге тырысамыз. Сатушы келіссөзге отырмас бұрын, сіздің қолыңызды қысады. Көптеген елдерде қол алысу келісімге отыруды білдіреді. Осылайша, ең басында санаңыздың түбіне ықпал етіп, сатушы сізді сатып алуға әбден көндіруі әбден мүмкін. Сендірудің жақсы әдісі- шешім қабылдағанға дейін адамдардың әрекет етулеріне мәжбүрлеу. Мысалы. Сіз кино көргіңіз келеді, ал досыңыз сенімді емес. Ол әзірге шешім қабылдағанша, сіз ептеп кинотеатрға қарай жүре беріңіз.

Сенімді сөйлеу. Көптеген адамдар өз сөздерінде «ммм», «жаңағы», «ііі» тәрізді одағай сөздерді және т.б. алуан түрлі паразит сөздерді жиі қолданады. Ол адамның өзіне сенімсіздігін білдіреді, және бұлайша басқаларды бір нәрсеге нандыру қиын. Егер сіздің сөзіңіз нақты және сенімді болса, айналадағы адамдарды айтып тұрғаныңызға оңай сендіре аласыз.

Табындық инстинкт. Барлық адамдар бір- бірінің соңынан жүруге үйренген. Маңызды шешім қабылдағанда, біз кеңес пен көмек сұрап басқаларға жүгінеміз. Біз қолдауға мұқтажбыз. Мұны өз қызығушылығыңызға қолданудың қарапайым әрі тиімді тәсілі – ол көшбасшы болып, қалған табынды соңыңнан ерту.

Достық пен билік. Өзіңіз жақсы көретін адамның немесе билігі бар адамның сізді көндіруіне жол беруіңіз әбден мүмкін. Өзіңіз анағұрлым жоғары сенімділік тудыра алуыңыз үшін, басқаларды сізді жақсы көруге мәжбүр етуіңіз немесе сол топтың басшылығын қолыңызға алуыңыз керек.

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ

1.   Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.

2.   Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.

3.   Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.

4.   Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.

5.   Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.

6.   Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.

7.   Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.

8.   Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.

9.   Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан құтылдыңыз.

10. Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.

11. Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.

12. Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз.олар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.

13. Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.

14. Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.

15. Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз – эволюциялық пирамиданың шыңысыз, сіз – ата-аналарыңыздың үміттерісіздер, сіз – құдай сияқтысыз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысысыз, сіз – оқиғаларды басқарасыз. Егерде сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, онда бөгет сіз үшін  түк емес.

16. Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.

БОЙЫМЫЗҒА СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.

1. Өзіңізді бағалаңыз. Әдетте өткен өмірге өкпесі бар адамдар сенімсіздік танытады. Алайда материалымыздың басты тақырыбы бұл емес. Өзіңіздің осал тұстарыңызды мойындай отырып, қай жағынан мықты екендігіңізді де анықтағаныңыз жөн. Не нәрсені ұнатып, ұнатпайтындығыңызды білу арқылы мінезіңізге толық сипаттама бере аласыз.

— Жасаған істеріңіз үшін еш уақытта ақталмаңыз. (Егер ешкімге қатысы болмаса).

2. Салмақ салуды қояйық. Жер бетінде қаншама адам бар. Ал біз болсақ бар ауыртпалықты әлемде өзіміз ғана жүргендей арқалаймыз. Қанша жерден мықты болсақ та, әйтеуір бір салада жеңіліс табуымыз мүмкін екенін ұмытпайық. Бастысы қателіктерден сабақ алу.

3. Шамаңызды біліңіз. Қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді ұмыту мүмкін емес, дәл қазір жетістіктеріңізді есіңізге түсіріңізші. Өзгелер мен жайында не ойлайды деген ойдан аулақ болыңыз. Өзіңізді мақтан тұтуға құқыңыз бар.

— Мұнымен қатар ол жетістіктеріңізді қағаз бетіне түсіре аласыз. Нақтырақ жазуға тырысыңыз.

4. Өткен өміріңізге көз жіберіңіз. Балалық шағыңыздан бастап осы күнге дейін өміріңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Бұрын-соңды не нәрсені мақтан тұтып, тамсанатын едіңіз? Бойыңыздағы сенімділігіңізді қандай оқиғадан кейін жоғалттым деп ойлайсыз? Өткен уақытта өте белсенді болғандығыңызды еске түсіру арқылы қалпыңызға келе аласыз.

— Мүмкін бала күніңізде көршінің балаларымен бірге ойнап жүрген кезде аз сөйлеп, үйге келген кезде ашылатын болған шығарсыз. Мүмкін мектеп қабырғасында нашар оқыған боларсыз? Психолог мамандардың айтуынша, бойымыздағы сенімділік біз туралы елдер не ойлайды деп ойлай бастағанымызда жоғалады екен. Сол себепті өзгелердің пікірі туралы аз ойлаңыз.

5. Жетістікке жетпейінше ұмтыла беріңіз. Бойымыздағы сенімділіктің бір күнде келе салмайтыны анық. Бірақ оны қайтаруға бағытталған іс-әрекетке бүгіннен бастап кірісе аламыз.

§  Бойыңыздағы сенімділікті көрсету үшін ым-ишара тілін пайдаланыңыз. Отырған кезде тік отырыңыз. Жүрісіңіз барынша сенімді, ал адымдарыңыз жеңіл болсын. Жан-жағыңызға жалтақтап қарай берудің орнына күлімсіреңіз. Сөйлесіп отырған адамның көзіне тік қараңыз;

§  Күлкі де есінеу секілді жұқпалы;

§  Көркем киініп жақсы әдеттерді қалыптастырыңыз.

§  Көбірек қарым-қатынаста болыңыз. Даусыңыз анық әрі сазды шықсын. Қобалжып тұрсаңыз да көбірек сөйлеуге тырысыңыз. Сөзшең адам болып көрінуден қорықпаңыз. Адамдар мұндай жандарды ашық жарқын әрі өзіне сенімді адам екен деп қабылдайды.

6. Нар-тәуекелге барыңыз. Кейбір істердің қолыңыздан келмейтінін білесіз. Әр күн сайын жаңа дүниелердің дәмін татып көріңіз. «Табыс сенімді адамдарды ұнатады». Қандай жолды таңдасаңыз да, нар-тәуекелге барып, жаңа істермен айналысыңыз.

§  Өзіңізге жайсыздық сезімін сыйлайтын істемен айналысып үйреніңіз. Мысалы, бұрын-соңды сізге ғашық болған жандар мазаңызды алған кезде қашатын болсаңыз, бұл жолы қарсы жауап қайтарып көріңіз.

7. Осыларды жүзеге асырыңыз. Сенімділікті қайтару көп уақытты талап етеді. Әрдайым жаттығумен болыңыз. Позитив әрдайым негатив эмоцияларды жеңіп отырады. Яғни бастапқыда көрініс табатын жасандылық, артынша әдетке айналып, мінез болып қалыптасады

ИНТУИЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ

§  Өзіңді басқаның орнына қой.

§  Оның не сезінетінін сезін.

§  Өзіңе қорқынышты сезінуге мүмкіндік бер

§  Қорқыныштан өт. Саған қорқыныш ұнамайды ма? Маған да. Алайда көпшілігіміздің онымен өмір сүруге және оны жауымыздан досымызға айналдыру қолымыздан келеді. Қорқыныш дегеннің не екенін білмейтін жүрек жұтқан адам болсаң,саған қорқынышты өз пайдаңа асыру амалын табу керек болады. Қорқыныш интуицияны сезінуге бөгет болады, әрі қорқынышты сезінуге қарсылық көрсеткен сайын күш алады. Өзіңе қорқынышты сезінуге жол бер. Оны сезінуге ешқандай кедергі жасама. Зейініңді қорқыныштың тап өзіне бағытта да оны ақырына дейін сезін. Онан шыққанда сен күш аласың және санаң тазарады. Қорқынышты сезінуге жол бергенде сен интуицияны күшейтесің, себебі бұл сенің ішкі әлеміңмен күресуді емес, оны естіп, сол қалпында қабылдауды үйретеді.

§  Басқалардың көңіл-күйін сезін

§  Адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың эмоциясын тануға тырыс. Оларға ат бер. Сөйлесіп отырған кісінің бақытты ма? Көңілді ме? Қапалы ма,үміттеніп жүр ме? Адамдардың эмоцияларын сезінген сайын, әр түрлі ситуацияларды терең сезіне аласың, сенің интуицияң соғұрлым жақсы жұмыс жасайды. Интуивтік сезінулер мен абстрактілі идеялар эмоция мекендейтін жерден  бастау алады. Сондықтан адамдардың эмоциясын неғұрлым жақсы тани білесің, соғұрлым интуициямен байланысты бола аласың.

§  Ішкі талқылауды тоқтат

§  Әлдекімдікі немесе өзіңді өзің кіналау – бұл интуицияның емес – интуицияға бөгет болар негативті энергияның көрінісі. Ішкі сыншы «Ол ақымақ», «ол сүйкімсіз», «Мен толықпын», «Мен жеңіліс табамын» деген кезде тоқтай қал да «Неге бұлай айттым?», «Менің қай бөлігім тепе – теңдікті бұзып тұр?» деп сұра. Бұл сыншының дауысын естігенде оны тоқтат (оны елең қылмай, ығыстыра салам деу әурешілік, ол тағы бір жерден шыға келеді), оны позитивті сұраққа бағытта. « Бұл қолымнан келмейді» деген ой келгенде, мен оны саналы түрде «мұны қалай жасаймын?» деп өзгертемін. Егер менің шыдамым жеткілікті болса, және ішкі дауысқа құлақ ассам, ол маған не істеу керек екенін айтады. Ішкі сыншы «мұнан түк шықпайды» десе, мен «бұл идеяның қай бөлігі жарамды?» немесе «қандай идея жақсырақ болар еді?» деп сұраймын. Сен позитивті сұрақтарды қоя бастағанда бейсана оның шешімдерін интуиция арқылы жібереді.

§  Оңаша қал. Ең жақсысы медитация жасау. Күніне жарты сағат болса да өз ойларыңмен жеке қалуға уақыт табуға тырыс. Ішкі әлеміңе ден қоюға уақыт тапсаң, таңғажайып қызықты әлемді ашасың. Жалғыз болғанда ішкі дауысыңды есту қабілетін ашқан соң, көпшіліктің ішінде де қажетті жағдайда индуктивті идеялар шығаруға үйренесің.

§  Сұрақтар қой. Бірнеше сұрақтар қой. Сұрақ қою- интуицияны шынықтырудың тамаша тәсілі. Шығармашылықтың шарықтау шыңы бірнеше сұрақтар мен жауаптардың ұзақ ҚАТАРЫНАН соң келеді. Ізденімпаз адамдармен топ құрып, философиялық, ғылыми, әлеуметтік, медициналық, әдеби қиын сұрақтарды талқылаңыздар. Негізгі күшті жауаптар емес, сұрақтар береді- қарастырылмаған жолды ашып, жаңа сұрақтар мен жауаптарға түрткі болады.

§  Біреулер интуицияны ғылыми емес, рационалды емес деп атайды. Бұл бір жағынан дұрыс, бір жағынан дұрыс емес. Шығармашылық интуивті идея сен оны дәлелдемегенше ғылыми емес болып табылады. Алайда кез-келген ғылым болжамнан басталады. Ал болжам қайдан шығады? Ең сәтті шығармашылық және бірегей идеялардың бастауы-интуиция.

МАҚСАТ ҚОЮ ЕРЕЖЕСІ

Психологтардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген проблемалар адамдардың өз алдына мақсатты дұрыс қоя білмегендегінен туындайды. Демек, егер мақсат нашар анықталса, оған қол жеткізу тым қиын. Әзірше, мақсат қоюдың екі ережесі беріледі, толық нұсқасында бұл тоғызға жуық.

1. Мақсат оңды құрастырылуы қажет – яғни бұл сіздің қаламайтыныңыз емес, алғыңыз келетініңіз болуы міндетті. Мысалы, «мен өзімді мазақ еткенді қаламаймын» емес «мен өзімді өзіме сенімді адам ретінде көрсеткім келеді». Демек, мақсатты құрастыру аз, оны дұрыс құрастыру маңызды.

Кезінде генерал Эйзенхаур өз жауынгерлеріне «Егер бізге ештеңе бөгет болмаса» емес, «Біз табысқа жеткен кезде» дейді екен.

2. Сіз мақсатты көз алдыңызға жақсы елестетуіңіз қажет. Өзіңіздің бұл мақсатқа қол жеткізуіңіз нені білдіреді? Сіз нені сезінетін, сіз нені көретін, сіз нені еститін боласыз. Өзіне сенімді… (есіміңізді қойыңыз) қалай көрінетінін елестетіңіз, ол қалай сөйлейді, қалай қозғалады, мұнда не сезінеді. Егер өзіңізге қажетті нәтижеге басқа адамдарға байланысты болса, олардың реакциясы қандай: олардың бет-әлпеттерінің қандай болуы қажет, олар не дейді, қандай интонациялар болады және т.с.с.

Алғашқы бапты – барынша саналы, вербалдық бөлік, ол екіншісін – бейсаналық, вербалдық емес бөлік деп айтуға болады.

Сезімталдық. Сізге өзіңіздің мақсатыңызға жылжығаныңызда немесе жылжымағаныңызды білу үшін барынша аңғарымды және сезімтал болуыңыз қажет. Мысалы, сізге өзіңіздің әрекетіңізге жауап ретінде өзіңізде немесе басқа адамдарда болатын өзгерістерді оларды өзіңіздің мақсат туралы пайымдауларыңызбен салыстырып көру үшін байқай білу қажет.

Икемділік. Өз мінез-құлқыңызда жеткілікті икемді болыңыз. Әрбір жағдайда сізде әрекет ету нұсқалары көбірек болса, мақсатқа жету ықтималдылығы соншалықты үлкен. Ал егер мақсат бағыт, ал сезімталдық ең алдымен кері байланыс берсе, онда икемділік – бұл мүмкіндіктердің кеңдігі.

Сонымен, мақсатқа қол жеткізу үшін мыналар қажет:

§  мақсат ептілігі;

§  сезімталдық;

§  икемділік.

ТАБЫСҚА ЖЕТУ СЫРЛАРЫ

Қандай адам болмасын табысқа жеткісі келеді. Бұл тұрғыда практикалық психологтар мынадай нұсқау береді. Оны қабылдау, қабылдамау әркімнің өз еркі. Кез-келген арман жоба болып табылады. Сонымен, жобамен жұмыс істеу кезінде негізгі 4 аспектті бөліп қарастырылады:

1. Мақсатты құру. Оның талдануы мен визуалдануы, бұл мақсатты қол жетімділігіне, анықтығына (реалдылығына) және экологиялығына тексеру.

Бұл кезеңде ең маңызды коучингтік сауал деп мынаны есептеуге болады.:

Мен шын мәнінде нені қалаймын?

Бұл шабытты құру үшін қажет, бұл армандау кезеңі. Өйткені егер нені қалайтыныңды білмесең, қайда тап болатының белгісіз! Сіз мүмкін ешқашан ештеңеге қолы жетпейтін, өйткені қарапайым нақты мақсатты жоқ адамдарды білетін боларсыз. Екінші жағынан алғанда, біздің бәрімізге күнделікті, апта сайын, ай сайын алдына нақты мақсат қойып және барынша сезілетін нәтижелерге қолы жететін адамдар белгілі. Олардың табыстары нақты сызылған қол жетер мақсаттарға көңіл бөлу бейімділігімен түсіндіріледі. Адамдар көбіне тек қана өздерінің армандауына тиым салады. Көбісі нақты мақсаттарды қоюға қорқады. Және бұл кезеңде коучтың міндеті – клиентке бұл күйреткішті – шабыттану қорқынышын жеңуге және мақсаттарды қоюға үйренуге көмектесу.

2. Жобаны жүзеге асыру. Бұл әрекет ету жоспарын құру кезеңі, бұл сонымен жылжу қажет болатын жол. Бұл кезеңдегі маңызды сауал: Менің бұған қалай қолым жетеді? сұрағы болып табылады.

Адамды бұл кезеңде екінші күйреткіш – жеңілу қорқынышының күтіп тұруы мүмкін. Кейде адамдар өздерін басқалармен салыстыра бастайды. Және көбіне бұл салыстыруда жеңіліске ұшырайды. Бұл кезеңдегі коучтың міндеті клиентке өз күштеріне сенуге көмектесу, қажетті қабілеттердің барлығын табуға жәрдемдесу (ал олар онда бар!). Бұл жерде мінез-құлықтық икемділікті дамыту өте маңызды. Өз мақсаттарымызға қол жетудің көбірек тәсілдерін білген сайын, біз соншалықты тез және қарапайым оларға жетеміз!.

3. Түрткі (мотивация). Бұл жобаны өмірге ретімен енгізу кезеңі. Бұл жерде өте маңызды сауал:

Бұл сізге неге керек?

Бұл сарапшыларды және командамен жұмысты модельдеу, өзіңізді және басқаларды одан арғы жұмыс үшін ынталандыру. Бұл кезеңді жобаның жұмысшы бұлшық еттері деп атауға да болады. Және бұл кезеңде адамды тағы бір күйреткіш – өзіңе де, басқаларға да түңілу қорқынышы күтіп тұруы ықтимал. Бұл кезеңде адам, еш уақыттағыдай емес, өз көшбасшылық қасиеттерін дамытып және толық көлемде көрсете алуы мүмкін. Өзіңді және басқаларды түрткілеу ептілігі – кез-келген адам үшін маңызды қабілет. Және бұл коучтың басты мақсаты.

4. Аяқтау. Бұл кезеңде мына сауалды қою өте маңызды:

§  Мен нәтижеге қол жеткізгенімді қалай білемін?

Жобадан шығу мен аяқтау – өте маңызды кезең. Бұл кезеңде адамда ішкі дау (конфликт) (төртінші күйреткіш) пайда болуы мүмкін: алайда жалпы алғанда аяқтау қажет пе, одан әрі не болады, бәлкім мен бірдемені жасамаған шығармын, мүмкін соншалықты өзіме жүк арту керек емес шығар… Дәл осы кезеңде коуч клиентке өз творчестволық бастамасына, шеберлігіне және түйсігіне (интуициясына) «Иә» деп айтуға көмектесе алады. Аяқтау кезеңі – бұл ішкі тұтастыққа өту.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

§  Алдыңа мақсат қою

§  Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

§  Іске дайын болу

§  Адымыңды анық басу

§  Алға ұмтылу

§  Қорықпау, күмәнданбау

§  Көңіліңді тоқ ұстау

§  Жаңашыл болу

§  Басқалармен кеңесу

§  Тәуелсіз болу

§  Біртұтасты бөлшектеу

§  Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

Жетістікке жету үшін

§  Өз потенциалынды біл

§  Өзіңе шектеу қойма

§  Өзіңді мойындат

§  Сезіміңді сыйла

§  Әдетке айналдыр

§  Құндылықтарынды таны

Жетістікке жетудің екі жолы бар:

§  өз ақылыңды пайдалану

§  басқалардың ақылынан пайдалану

Алға мақсат қойғанда:

1.   Мақсатыңның пайдасын біл

2.   Нені не үшін қалайтыныңды біл

3.   Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса. Ісіңді қадағала және басқар

4.   Көп ізден

5.   Ақыл мен жүректің шешімін айт

6.   Сақ бол

7.   Төзімділік таныт

8.   Өзгеріске бейімдел

9.   Сапаға мән бер

10. Ісіңнің нәтижесін талда

Осыны біл:

Әрбір сәтсіздік тәжірибенді арттырады

Жеткен жетістікті үнемі мақтан тұту оны жаман жолда пайдалану есептеледі.

Есіңде сақта:

§  Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін

§  Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес,

§  Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Өзгеге жалтықтаушы болма, кісілігің қалмайды

§  Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тындыру

§  Жетістіктің ең үлкен жауы – “кейін істермін” деп айту

§  Жетістікке апаратың жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРЕЙІК!

Көпшілік алдында сөйлегенде қай-қайсымыз болсақ та уайымдап, қорқыныштың бойымызды билеп алуына жол береміз.

Бонапарт былай деген екен: «Кімде кім дұрыс сөйлей алмаса, соның мансап жолы да дамымайды». Рас қой? Бірақ мына заманда техника бұл олқылықтың да орнын толтырып жүр: түрлі слайд-шоулар, кестелер, суреттер…

Дегенмен осы құралдарға сеніп алсаңыз – ешқашан да шешен бола алмайсыз!

Америкалық белгілі коуч бір сөзінде: «Спикер өз сөзін түрлі слайдтар мен кестелер арқылы түсіндіре беретін болса, тыңдарман оны түсіне бермейді»,- дейді. Себебі адам екі бірдей іс-әрекетті тыңғылықты атқара алмайды. Нәтижесінде ой тыңдаушысына толықтай жетпейді. Абыройы асқақтап тұрған тағы бір оратор Скотт Беркун де осы ойды құптайды: «Тарихтағы ең керемет сөйленген сөздерді еске түсіріп көрейікші. Олардың ешқайсысында да слайдтар мен басқа да реквизиттер болмаған».

Шешен сөйлеуге арналған 5 көмек:

§  Бірінші көмек: тыңдармандардың проблемасын шешіңіз.

Аудиторияңызды мазалаған сұрақтарға жауап беріңіз. Өз сөзіңізді де осы проблеманы сипаттаудан бастаңыз. Осы арқылы өзіңіздің біліміңізді көрсетіп, тыңдармандардың назарын өзіңізге аударасыз. Осыдан кейін сол мәселелердің шешу жолдарын айта бастаңыз.

§  Екінші көмек: тезистерді қысқартып алыңыз.

Көпшілік сөйлеушінің қателігі – айтқысы келген сөзін бірден, жалпылама айта салуы. Өз сөзіңіздің ішіндегі артықтарын алып тастап, тек негізін қалдырыңыз. Айтқыңыз келген ойды бастапқыда бірнеше мәрте қайталап алыңыз. Егер сіздің сөйлеген сөзіңіз тыңдарманға қызықты болса, қалған мәліметті олар өздері-ақ тауып ала алады.

§  Үшінші көмек: оқиғаны баяндап беріңіз.

Адамдар оқиға естігенді жақсы көреді. Мұны адамдардың интернетте көп отырып, әлдекімдердің оқиғасын оқығанды сүйетінінен-ақ білуге болады. Адам ақпаратты түсіну үшін оған мысал ретінде оқиға қажет, сол арқылы мәселені бірден түсініп алады. Өз сөзіңізді бас-аяғы бүтін оқиға етіп құрастырыңыз. Сіздің сөйлеуіңіз адамдарға жаңа эмоция мен артық білім беруі тиіс.

§  Төртінші кеңес: ақылгөйсімеңіз.

Айтар мәтініңізді қағазға жазып алып оқып тұрмаңыз. Ең қызықты сөз – бұл экспромт. Тыңғылықты дайындалған экспромт болуы тиіс. Айтар мәселеңізді бірнеше бөлікке бөліп алыңыз да жаттаңыз. Егер өз сөзіңізді өзіңіз түсініп тұрсаңыз – мәтінге қараудың еш реті жоқ. Егер мәтінді жатқа айтамын десеңіз, 99% жағдайда ұмытып қалып, күлкіге айналасыз.

§  Бесінші көмек: тәжірибе жасаңыз, тәжірибе жасаңыз және тәжірибе жасаңыз!

Сөйлейтін сөзіңізді айна алдында тұрып пысықтаңыз. Сосын жақын адамдарыңыздың алдында сөз сөйлеп дайындалыңыз. Олардың қай сөзіңізге күлгенін, қай сөзіңізді мән беріп тыңдағанын, қай кезде ұйқысы келгенін бақылаңыз. Қай тұста салмақты сөйлейтініңізді, қай тұста жеңіл, яғни әзілмен сөйлейтініңізді ойланыңыз.

ПСИХОЛОГИЯ. ЭМОЦИЯНЫ БАСҚАРЫП ҮЙРЕНЕЙІК

Адам өмірі эмоцияға толы. Эмоциялар адамды жаңа белесті бағындыруға тәуекелге итермелейді, реніштен жылатады, махаббат үшін өзіңді құрбан еткізеді. Эмоциямызды сыртқа шығаруға ойларымыз ғана емес, ақылдың оңтайлы ұстанымдарын жеңіп шығатын ниет пен әрекеттеріміз де еріксіз мәжбүрлейді. Ашу, өкпе, қызғаныш сынды жағымсыз эмоциялар көбіне бақылаудан шығып, өмірімізді қиындатып жіберетін кездері болады.

§  Бір сәттік эмоцияларға тосқауыл қояйық

Көбіне адамдар қандайда бір әрекетке, сөзге, оқиғаға қатысты алғашқы, бір сәттік эмоцияларына өкініп жатады. Мұны психологтар «триггерлер» деп атайды.Абайсыз айтылған сөз, ойластырылмаған әрекеттер, албырттықтан туатын барлық жағдайды бірнеше секундқа басқаруды үйрену керек. Ол үшін арнайы амалдар қарастырылған. Солардың бірі тыныс алумен байланысты. Эмоция мен тыныс алудың қандай байланысы бар? Өйткені, эмоционалдық іс-әрекеттер тек баста «туындамайды», қызу реніш үстінде қанда түрлі гормондар арпалысып жатады, жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. Эмоцияның физикалық білінуін бақылауға ала алсаңыз, ашу, үрей, қозу, абыржуды тоқтата аласыз.

§  Терең тыныс алыңыз, кейін баяу деміңізді шығарыңыз. Тыныс алуды 5 секундқа кідіртіңіз де, диафрагмаңызға барынша назар аударуға тырысып, баяу дем алыңыз. Кеудеңіз ауаға толғанын сезініп, 20-ға дейін санап, баяу деміңізді шығарыңыз. Жағымсыз эмоцияларды тоқтату үшін әр дем шығарған сайын олар қара будақталған бұлт сынды денеңізден шығып жатқанын елестетуге болады. Эмоцияңыз толықтай сіздің басқаруыңызға өткенше дем алудың осы түрін қайталай беріңіз.

Үрей тез тыныс алып, баяу дем шығарумен байланысты, ашу дірілдеген тыныс алу және шығарумен білінеді, ал қуаныш пен тыныштықта адам баяу және еркін дем алады.

§  Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз

Эмоцияңызға тосқауыл қоя алған соң, оның лайықты түрде шығуына ықпал жасаңыз. Егер сіз сезімдеріңізді басып, тыйып отырсаңыз, ерте ме, кеш пе құрған тоғаныңыз құлайтыны сөзсіз. Ал жиналып қалған эмоция долы күшпен шыққанда ешқандай бақылауға көнбейді. Мұндай ағынның жетегіне еретін адамдар, ашу қысқанда бір сәт естерін жоғалтып, күйінішті жағдайлар тудыруы мүмкін.

Бұл олқылықты болдырмау үшін ашу, ыза, реніш, қызулықты әдепті түрде шығаруға тырысыңыз. Сізді түсінетін досыңызға хабарласыңыз, онымен кездесіп, сезіміңізді сипаттап, оқиғаның мән-жайын баяндаңыз. Физикалық жаттығулар арқылы да эмоцияны шығаруға болады. Тіптіәуеннің ырғағымен секіріп билеп, айқайлап алу да көмектеседі. Көз жасына ерік бер деген кеңес те жарайды. Сізді жабыңқы сезіндіретін гормондар жаспен бірге ағзадан шығады. Егер ішіңізде агрессияны сезінсеңіз, күшпен сынасатын спорт түрлерін таңдаңыз.

§  Егер сізді қорқыныш, көңілсіздік, үрей сияқты сезімдер баурап алса, онда бойыңызды серпілтетін, қуаныш пен тыныштық сыйлауға көмектесетін әрекеттерді іске асыруға тырысыңыз. Аспаздықпен айналысыңыз, ән тыңдаңыз, сурет салыңыз, медитация жасаңыз немесе жай ғана жақсы кино көріп, кітап оқуға болады. Әр адамның жеке ықыласы мен физиологиялық әрекеттеріне байланысты әркімнің бұл тұрғыда өз амалы бар, біреулер медитация жасап тынышталса, біреулер паркте жүгіріп тынышталады.

§  «Батырманы» іздеңіз

Эмоцияны басқару әрекеттері «жедел» түрде бола алады, сонымен қатар ұзақ мерзімді қолданысқа енгізуге болады. Сезіміңізге тоқсауыл қоя алған соң және оны біреумен бөлісіп, басқа арнаға ауыстыра алған соң, сіздің эмоционалдық триггеріңізді оятатын, яғни қызуқандылығыңызды оятатын «батырманы» іздеуге тырысыңыз. Көбіне қате тұжырымдар жағымсыз эмоциялар тудырады. Мысалы, біреу сіздің сөзіңіз, не ісіңізді жөндегенді ұнатпауыңыз мүмкін, өйткені бірдеңені дұрыс жасай алмайтындарды өзгелер бейбақ деп қабылдайды. Бірақ әрдайым мінсіз болу мүмкін емес қой, соны есіңізден шығармаңыз. Біреулер қолдауға зәру болып, ренішін білдіреді. Эмоцияны басқара алу – эмоционалды интеллектісі дамыған адамның басты қасиеті.

Бүлдіру мен қиратуға негізделген ойлардан қашыңыз. Өз эмоциясын басқара алмайтын адамдар төменде келтірілген бүлдіргіш өмірлік тұжырымдарды басшылыққа алады:

§  бәрін алу немесе ештеңе алмау;

§  бәріне мен кінәлі;

§  адамдар менің сезімімді біледі;

§  жаман пікірлер ғана ақиқат.

Эмоциялық денсаулығыңызды қадағалаңыз

Физикалық денсаулық сияқты эмоционалдық денсаулық та маңызды. Егер жүдеп кетсеңіз, уланған болсаңыз, жағымсыз ортада жүрсеңіз, демек ауырып жүрсіз. Әрдайым жабыңқы көңіл-күйде, өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, зорға жүрсеңіз, жағымсыз эмоциялар бөлінетіні сөзсіз. Емделу үшін «психологиялық гигиена ережелерін» ұстану қажет. Жеке шекараңыз белгіленген, өз айналаңызда қауіпсіз орта тудыруға тырысыңыз: біліктілігіңізді көрсете алатын іс, өзіңізге сенімділігіңізді арттыратын жұмыс табыңыз.

Өміріңіз өз бақылауыңызда екенін біліңіз және сіз ортақ әлемнің бір бөлшегісіз. Бірақ соған орай, эмоционалды сезімдеріңізді шығара алатын, жаныңызға жақын кішкентай «әлеміңіздің» болғаны дұрыс. Сонда ғана тоқырау мен зерігудің алдын аласыз және бұл сезімдер де жағымсыз эмоциялар тудыратынын ұмытпаңыз.

АГРЕССИВТІ ӘРЕКЕТТІҢ АЛДЫН-АЛУ

Ашуланған кезде мынаны істеуге болады:

§  Қағазды жұмырлау және жырту.

§  Боксерлік алмұртты және жастықты ұру.

§  Аяқпен жерді ұру.

§  Ватман қағазынан жасалған «стақаншықты» бар дауыспен айғайлауға пайдалану.

§  Қағазға айтқыңыз келген сөздерді жазып, оны мыжып, лақтырып жіберіңіз.

§  Өзіңізге ереже ретінде алыңыз:

§  Әрекет етпес бұрын, өзіңе «тоқта» деп айт.

§  Әрекет етпес бұрын, терең демалып 10-ға дейін сана.

§  Ерекше төбелескіш балаларға. Әрекетке көшпес бұрын жұдырығыңды қатты түй де оны қайта босат. Осылай 10 рет істеуге болады.

§  Үлкендермен сыпайы сөйлес.

§  Заттарыңа ұқыпты қара.

Қорытынды сөз. Ашуға бой алдырма, әрқашанда өзіңді ұстай біл. Жақсылық көрсең өзіңнен, жамандық көрсең өзіңнен. Барлығы өзіңе байланысты. Сондықтанда әрбір қиындықты әрқашанда жеңе білуге тырыс. Өмірде өз орындарыңызды тауып, биік мақсаттарға қол жетулеріңізге тілектеспін. Қатысқандарыңызға рахмет, барлығыңызға жақсылық тілеймін.

СТРЕССТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ

Тоқтатыңыз!

Көптеген адамдар жоғарғы талапты өздеріне аударады. Аз уақыттың ішінде көптеген нәрсеге үлгерушілік – стресстің бірден бір себебі. Егер адам әрқашан берілген уақытта көптеген жұмыстарды істеуге асықса, дәрігерлер мұндай жағдайды асығыстың ауруы деп есептейді. Эмоционалды стресс – мұндай өмірдің бір бейнесі.

Өмірдің ағымын жеңілдету үшін, адамдарға жеңіл әдістердің бірі:

§  Бір уақытта бірнеше жұмысты емес, бір ғана жұмысты істеуге тырысыңыз (мысалға, тамақ ішіп отырғанда газет оқымаңыз, телефонмен сөйлесіп отырып құжаттар қарамаңыз)

§  Баяу сөйлеуге тырысыңыз

§  Қоршаған адамдармен мейірімді болыңыз, күліңіз, қанша кешігіп және асығып бара жатсаңыз да

§  Егер сіз машина жүргізіп келе жатсаңыз, жылдам жүргізуге тырыспаңыз

§  Кезек күткенде сабырлы болуға үйреніңіз

§  Іскерлік кездесуді жоспарлағанда, олардың арасында 15 минут үзіліс болсын, сіздің миыңыз және денеңіз демалуды қажет етеді

§  Сіздің күн режиміңізде демалатын уақытыңыз болу керек

§  «Раушан иіскеуге» уақыт табыңыз, яғни өмірдің кішігірім қуанышына бөленіңіз.

ЕҢБЕККЕ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚҰТЫЛУ

Еңбекке тәуелді адамдар – жұмыстан басқа еш нәрсе ойламайтын адамдар. Жұмыс барлық белсенділіктің орнын алмастырғанда стесс басталады. Бұндай жағдайдың белгілері:

§  жұмыс кезіндегі өнімділік пен эффектіліктің төмендеуі

§  жанұя мен қоршаған ортадан қорғанбайды

§  ненің қажет, ненің қажет еместігін көрсететін қалыптасқан көріністер

§  Еңбекке тәуелді адамдар өзінің мәселелері туралы ең соңғы болып біледі, және бұл жиі болып тұрады. Үрейді сезінген адамдарды жұмысынан бөлген кезде, әдетте тек жұмыс орнында ғана істей алатын мүмкіндіктерін бағалы деп ойлайды.

Сіз өзіңіздің еңбекке қабілетті адам болдыңыз ба, соны жақын адамдарыңыздан сұраңыз. Егер солай болса, онда еңбек пен демалыс деңгейіне жете алатындай бірнеше кеңес.

1.   Біртіндеп апта ішіндегі жұмыс сағатын қысқартыңыз. Шұғыл өзгерістерден аулақ болыңыз.

2.   Ең қажетті жұмыс сияқты, көңіл көтеру үшін уақытыңызды бөліп, өз күніңізді жоспарлаңыз.

3.   Әр күн сайын сізге физикалық жаттығу жасау керк. Ол серуендеу болсын немесе аз ғана гимнастика болсын, бірақ міндетті түрде әр күн сайын.

4.   Түстік ас алдында туралы айтудан бас тартыңыз. Егер әріптестеріңізбен түстенетін болсаңыз, олармен түстік астың үстінде қызметтік жұмыстарды еске алып әңгімелесетіндеріңіз жөнінде келісіңіздер.

5.   Сіздің негізгі айналысатын ісіңіз болатындай хоббиыңыз болсын. Егер сіз жұмыста техникалық тапсырмалар шешетін болсаңыз, үйде бөлмелік гүлдермен немесе қандай да бір қол өнерімен айналысыңыз.

6.   Тым болмаса бір ісіңіз отбасылық қарым-қатынаспен немесе достарыңызбен байланысты болу керек. Сізге әріптестеріңізден неғұрлым алыстап, отбасылық қуанышты бөлісуіңіз керек.

7.   Егер сіз жұмыспен айналыспасаңыз, өзіңізді кінәлі санауға тыйым салыңыз. Бұл жоғарыда көрсетілгендердің ең маңыздысы.

ДАУ-ДАМАЙЛАРДЫ ШЕШУ

Кикілжің дегеніміз – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың  қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл-күйлерге байланысты әр түрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болуы. Кикілжің – бұл келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады.

Кикілжіңнің пайда болу себептері:

§  Түсініспеушіліктен;

§  Ренжуден;

§  Ашуланудан;

§  Келіспеушіліктен.

Жанжалдың жағымды жағы:

§  Бір-бірін түсінуге ұмтылады;

§  Бір-біріне көмектеседі;

§  Ынтымақтасады;

§  Бір-біріне зер салып тыңдайды;

§  Бір-бірін кешіреді;

§  Жымияды;

§  Бірге жұмыс істейді және жанжалды шешеді;

§  Бір-бірінің сезімін түсінуге тырысады;

§  Әңгімені доғаруға тырысады.

Жанжалдың жағымсыз жағы:

§  Дауласып айтысады;

§  Бір-біріне айқайлайды;

§  Бір-біріне күдікпен қарайды;

§  Жеңуге тырысады;

§  Бір-бірін алдап кетеді;

§  Бір-бірімен бәсекелеседі;

§  Бір-бірін кінәлайды;

§  Бір-біріне ашуланады.

Кикілжің болған жағдайда өз-өзіңді ұстай біл, өзіңді тоқтата біл:

§  Көңіл-күйіңді басқара біл. Үнемі көңілді, күліп жүр!

§  Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет;

§  Оның талап- тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда;

§  Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсінушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт;

§  Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс;

§  Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді.

§  Егер серінің соншалық ашу- ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек.оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста.

§  Серігіңнен өзінің тілек талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана тақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір.

§  Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл- қалжыңдар айт.

§  Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт.

§  Қиындық туғызған мәселемен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра.

§  Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр.

§  Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер.

§  Оның талап тілектері мен айтқандарынын мағынасын дұрыс қабылда.

§  Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста.

§  Кінәлі болсаң кешірім сұрауға ұялма.

§  Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс

ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУ

1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.

2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге  көтерілуіне жете алмайсыз.

3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.

4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз. Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңізді, бағаңызды жоғарылатуға болады.

5. Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.

6. Өзіне сенімді, сізге қолдау көрсете білетін адамдармен араласуға тырысыңыз.  Егер сізді қоршаған адамдар сізді үнемі төмендетіп, басып отырса онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, егер керісінше болса, сіздің өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

7. Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңістеріңізді жазуға болады. Мәселен, жүргізуші куәлігін алсаңыз, спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. Тізімді жиі қарап, оқуға тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш, қанағаттану сезімін сезініңіз.

8. Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсізбе? Өзіңіздің жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз.  Алдыңғы тізім сияқты жиі қарап жүріңіз. Кейбір адамдао өз кемшіліктерін көп көріп, өз өмірлерін қызықсыз деп, өз жүрсеңіз өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

9. Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша жайлы емес. Өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарылатуға, индивидум болуыңызға септігін тигізеді.

10. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. Егер де сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті сізге өз ісіңіз ұнамасада, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш сыйлауыңызға болады.

11. Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қалауыңызша сүруге тырыспасаңыз онда өзіңізді сыйламағандығыңыз. Сіз достарыңыз және туыстарыңызбен сөйлескенде сенімсіз сөйлесеңіз онда сіздің өзіндік бағаңыз төмен деген сөз. Сенімді сөйлеп, сенімді әрекет етіңіз.

12. Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарылатпасаңыз  өзіңізге сенімді болу қиындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 04.04.2019 12:41
Құрылған күні: 02.03.2021 14:33

Текст